Кербұлақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы

           Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы коммисия мүшелерінің шешімі мен «Жыл кітабы — 2017» тандауына Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.  Ендеше Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін ел болып оқиық! Сұлатанмахмұт Торайғыров —  қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын, ұлт үшін күрескен қайраткер, ұлттық идеяның жыршысы. Қай өлеңін алып қарасаң да, қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады. Сұлтанмахмұт Торайғыров жастық жігерімен, патриоттық жырларымен жастарға үлгі болады. Өлеңдерінде жастарды оқу-білімге шақырды. Демек, бүгінде де, болашақта да елеулі өзгерістердің орын алуы – жастардың қолында!

Реклама